#
#
Бейсенбі 14/11/2019

Арыс қаласына кіре берісте жаңа қақпа салынады

  • 12.08.2019
  • 0
  • 569

 

Арыс қаласына кіре беріс жолда жаңа қақпа салынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым жаңадан салынып жатқан Арыс қаласының кіре берісіндегі қақпаның іргетасына капсула қойды.

Қазір қаланы қалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық аймақтары қатысуда. Кәсіподақтар бұл игі шарадан тыс қалмай, архитектуралық құрылыстардың бой көтеруіне өзіндік үлес қосады.

Кәсіподақтар қала тұрғындары үшін қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне дастархан жайды.

Бақытжан Әбдірайым арыстықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтап, бұл қасиетті мереке жақсылық пен қайырымдылықтың нышаны екенін атап өтті. Ол кәсіподақтар орын алған апатты жағдайға бей-жай қарай алмайтынын, арыстықтармен бірге екендіктерін жеткізді.

Осы күні кәсіподақтар федерациясының басшылығы жарылыс кезінде қайтыс болған жас бүлдіршін Аян Ерболұлының отбасына барып, көңіл айтты.

Кәсіподақ өкілдері Аянның отбасына материалдық көмек көрсетті, сондай-ақ, кәсіподақтар шипажайына сертификат табыстады.

Федерация өз тарапынан қала тұрғындарына шипажайлық-курорттық сауықтыру үшін кәсіподақ сертификаттарын табыстады.

«Біз Арыс тұрғындарына көмектесуді өзіміздің азаматтық борышымыз деп есептейміз, барлық жерлестерді осы оқиғадан тыс қалмай, азаматтарымызға мүмкіндігінше көмек көрсетуге шақырамыз», – деді Бақытжан Әбдірайым.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар