#
#
Бейсенбі 19/09/2019

Арыс балалары Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасады

  • 11.07.2019
  • 0
  • 420

Ақмола облысының полицейлері Арыстан келген балаларға Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шілденің 10-ы күнінде «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында демалып жатқан Арыстан келген 20 бала полицияның бастамасымен Көкшетау қаласында болып, өңірінің көрікті жерлері мен тарихы орындарын аралап көрді.

«Экскурсия теңдессіз тарихи ескерткіштері сақталған Көкшетау қаласының тарихи мұражайын аралаудан басталды. Мұражай қызметкерлерінің сөзінше, ғимараттың Бұқпа тауының іргесінде орналасуының өзіндік тарихы бар, яғни, 19-шы ғасырдың алғашқы ширегінде осы жерде Көкшетау қаласының іргесі қалана бастаған. Кішкентай меймандар Көкшетау қаласы құрылған уақыттан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихи жәдігерлермен танысу мүмкіндігін алды», - деп айтты ведомстводан.


Сонымен қатар, Көкшетау қаласының көрікті жерлерінде болды.

«Бұқпа тауының баурайындағы бақылау алаңында, Ақмола облыстық ПД мұражайында болды. 1919 жылдан бастау алатын полиция қызметінің тарихымен танысты. Мұражай қорында 5600-ден астам жәдігер сақталған», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Саяхат барысында балаларға естелік сыйлықтар тапсырылды. Полиция қызметкерлері «Динамо» дене шынықтыру спорт ұйымымен бірлесіп, балаларға спорттық жабдықтар сыйлады. Ал, саяхат соңында кішкентай меймандарға балмұздақтар үлестірді.


«Біз балалардың Көкшетау қаласы мен Бурабай курортында болғанында жақсы әсер алуы үшін барлық жағдай жасадық.  Өзімізде ерекше әсерлі күйде болдық», - дейді ПД ЖПҚБ ювенальды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры  Айнагүл Қуандықова.

Айта кетейік, Ақмола облысының полицейлері алғашқылардың бірі болып Арыс тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын, яғни, 5 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Ішкі істер органдары мен ұлттық гвардия ардагерлері кеңесінің қоры жарты миллион теңге аударды. Сонымен қатар, өңір полицейлері Ақмола облысының лагерьлері мен балаларды сауықтыру орталықтарында демалып жатқан Арыс балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР