12 мам, 2017 сағат 16:51

Артур Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды

Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметіне Артур Нығметов тағайындалды, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

Артур Нығметов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, Мәскеу саяси зерттеулер мектебінің түлегі. Швециядағы SIPU International (Стокгольм, 2008) мемлекет және жерглікті басқару институты мен Конрад Аденауэр Қорында (Берлин, 2012) сынақтан өткен.

2008 — 2012 жылдар аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚтарда журналист және редактор қызметтерін атқарған. «Назарбаев Орталығында» бас сарапшы болған. Соғыс және бейбітшілік тақырыптарындағы IWPR Британ Институты басылымында, Ресейлік экстремал журналистика бағытындағы «Оазис» Интернет-журналында, «Новая газета — Казахстан» газетінде, «Астана» журналында мақалалары жарық көрген. Жыл сайынғы «Халық қалаулысы» сыйлығының "Үздік публицист" номинациясы бойынша 2012 жылдың лауреаты. 2014 жылы «Smart Advice» коммуникациялық тобының басқарушысы болып қызмет еткен.

2015 жылы Алматы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін кірісіп, сол жылдың 21 қыркүйегіне дейін қызмет еткен. Соңғы жылдары Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.