05 шіл, 2019 сағат 14:58

Архимед Мұхамбетов парамен ұсталған аудан әкімі туралы: Бұл жағдай мені алаңдатты

Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов парамен ұсталған Әулиекөл ауданының әкіміне қатысты Instagram желісінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті оқырмандар, бұқаралық ақпарат құралдарынан Әулиекөл ауданының әкімі Асхат Кисиковты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстағанын білесіздер. Қазіргі уақытта барлық құзыретті органдар өз түсініктемелерін берді. Әрине, бұл жағдай мені де алаңдатады. Сот шешімі күшіне енгенге дейін мен түсініктемелерден қалыс қаламын. Дегенмен, барлық мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамауды ескертемін», - деп жазды облыс басшысы.

Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетов құзыретті органдарға қолданыстағы комиссия шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейтуге тапсырма берді.

Еске салсақ, Қостанай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстағы Әулиекөл ауданы әкімінің пара алу фактісін анықтады.