#
#
Дүйсенбі 27/01/2020

Архимед Мұхамбетов өңірде дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтып берді

  • 05.12.2019
  • 0
  • 193

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін қалай шешіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» дәрігерлерге 250 пәтер салу туралы келісімге қол қойдық. Өңірдегі проблеманың бірі - біздің облыста жоғары медициналық оқу орны жоқ. Бізге Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Нұр-Сұлтан қалалары мен көрші Ресейден дәрігерлер келеді. Біз оларға тұрғын үй беріп, көмек көрсетеміз. Бүгінге дейін шамамен 255 адамды тарттық. Әйткенмен әлі де 250-270 дәрігер жетіспейді. Бір-екі айдан кейін зейнетке шығатын дәрігерлер бар болғандықтан, бұл процесті тоқтату мүмкін емес», - деді облыс басшысы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде облыста 6200 дәрігер мен 18 мыңға тарта медбике бар.

«Біз дәрігер ғана емес, медбике тапшылығын да шешіп, колледждерде жатақхана салып жатырмыз. Рудныйда Қостанай медициналық колледжінің филиалын ашамыз. Тапшылықты бір демде шешу мүмкін емес. Бірақ жыл сайын дәрігерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізетін болсақ, онда 2021 жылға қарай кадр тапшылығынан құтыламыз», - деді Архимед Мұхамбетов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар