11 қыр, 2016 сағат 00:14

Археология ШҚО-ның мәдени брендіне айналады

- «Берел» археологиялық зерттеу жобасының қатысушысы, Материалдық құндылықтар тарихы инуститутының профессоры Николай Боковенко бүгін Өскеменде өткен «Алтай - түрік әлемінің алтын бесігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның жалпы отырысының алдында, ол «өмірінде алғаш рет мемлекеттің өз тарихын сақтауға деген шынайы қамқорлығын көргенін» мәлім етті.

Әңгіме археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген патшалар аңғары атанған Берел қорғанын қорғайтын әйнектен саркофаг тұрғызу жайында болды. Ресейлік ғалым Алтай өлкесіндегі қызықты тарихи құндылығы бар археологиялық қазба жәдігерлер мен тарихи мәдениеттің сол кездегі халықтарға әсері мен ықпалына тоқталды.

Әріптесінің айтқанына қосыла отырып Берел жобасының жетекшісі профессор Зейнолла Самашев қорғанды қорғайтын конструкция қазба жұмыстарына кедергі жасамай бірге жүргізілгенін айтып өтті. Ол осындай қорғаныс саркофагі Еуразияда алғашқы болып ашық аспан астындағы ұлттық мұражай құруға себепші болғанын атап өтті.

Жалпы отырыста ғалымдар археологияның, ШҚО-да табылған сирек мәдени мұраларды сақтау және музейге айналдыру мәселелерін кеңінен талқылады.

Өңір басшысы Даниал Ахметов  конференция барысында Шығыс Қазақстан облысында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында зерттелген нысандарды ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу үшін теориялық негіз дайындап қана қоймай, облыстың мәдени брендін қалыптастыруға, туристік әлеуетін ілгерілетуге мүмкіншілік беретінін атап өтті. Ол облыста жүргізілген қазба кезінде табылған жәдігерлерлің барлығы өңірде қалдырылып, тарихи-өлкелік мұражай қорына берілетіндігін жеткізді. 



null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null

ҚазАқпарат