19 мау, 2019 сағат 11:30

Әрбір төртінші қазақстандық шағын және орта бизнесте жұмыс істейді

Қазақстанда биыл шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 10-2%-ға артып, 1,31 трлн болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратRanking ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік саны жылына 10,5%-ға, заңды тұлға мәртебесі бар шағын компаниялар саны 11,9%-ға артқан.

Өткен жылдың соңғы тоқсанындағы статистикаға сәйкес, ШОБ саласында 3,27 млн адам еңбек етеді. Бұл - елдегі жұмыс жасап жатқан халықтың 37,5%.

Аталған секторда өнім көлемі 26,5 трлн теңгеге жетті. Республиканың жалпы ішкі өнімінде ШОБ субьектілерінің маңызы артып келеді.

Мамандардың айтуынша, аталған саланың қарқынды дамуы үшін тиімді несие бағдарламасы  керек. Алайда, ШОБ-қа несие беру көрсеткіші төмендеп келеді. Биыл мамыр айында осы салаға 2,22 трлн теңге несие берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға төмен.