01 ақп, 2019 сағат 11:50

Әр саладағы талантты жастардың баспана мәселесі шешімін тапса...

Мемлекет басшысы өз Жолдауында биылғы жылды "Жастар жылы" деп атауды ұсынған болатын. Жақында Елордадада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Аталған жиында айтылған ұсыныстар мен жаңа бастамаларға қатысты ақын Маралтай Райымбекұлы мен алаштанушы Айгүл Ісмақова пікір білдірген болатын. Мархабат!

Маралтай Райымбекұлы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары, ақын:

 Мен әдебиет төңірегінде айтайын. Меніңше бұл жиында бүгінгі жастардың елбасымен пікірлесуі шын мәнінде де өте құптарлық жағдай. Бұл кездесу – Тәуелсіз Қазақстан жастарының ертеге болған сенімін күшейтеді, елдің болашағы туралы, мемлекет алдындағы жауапкершілікті, қоғам алдындағы толық қанды мұшесі екені, кез-келген жастың көзқарасы мемлекет үшін маңызды екенін ұқтырды. Бүгінгі жиында Мерей Қарт дейтін бауырымыз «Әдебиет академиясын ашу керек» деген ұсыныс айтты.  Бұл ұсыныс өте орынды. Менің айтарым, біріншіден, Астана мен Алматы секілді республикалық мәртебеге ие қалалардағы шығармашыл жастар мен саясат, спорт, өнер, ғылымға үлес қосып жатқан жастар баспаналы болса деген ұсынысым бар. Әрине, құстың да ұясы болады ғой. Екіншіден, елімізде шығармашыл жастарға арналған «Шабыт» атты бір ғана фестиваль бар. Бұл еліміз жастарына аздық етеді. Енді осы секілді тағы бір фестиваль керек. Үшіншіден, Елбасымыз ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетін жақсы біледі. Соның арқасында, әр жылдары еліміздің әр өңірінде «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» сияқты іс-шаралар өтіп жатыр. Осы іс-шаралар жалғасын тауып, мектеп қабырғасында жүрген жастарды қанаттандыру мақсатында, әр қайсысына 5 гранттан бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді. Тағы бір айтарым, аударма жөнінде болмақ. Қазір қазақ шығармалары әлемнің алты тіліне аударылып жатыр. Осы жобаға жастарды да қатыстырса демекпін.

Айгүл Ісмақова, Филология ғылымының докторы, ғалым, алаштанушы:

Биылы жылды Елбасымыз «Жастар жылы» деп жариялағаны өте құптарлық жағдай. Себебі, Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл болды. Содан бері туған ұрпақ 28 жасқа толды.  Олардың білімі бар, сауатты жастар. Мен Алаш әдебиетін не үшін жастарға оқытып келе жатырмын? Әлихан, Ахмет, Міржақыптар қандай жағдайға ұшырасада, отанға қызмет ету үшін бастарын бәй тікті. Олар бүгін біз армандап жүрген қоғамды армандады. Мен қазіргі жастардан солардыкі сияқты отты рух күтемін. «Жаздым сөз жаным ашып Алашыма» деген Ахмет Байтұрсынұлының жалғыз ауыз сөзі мен Міржақып Дулаттың «Оян қазақ» дегенін осыдан 100 жыл бұрын күллі қазақтың саяси элитасы ұран етіп көтерген. Қазір өз жеріміз, өз еліміз, өз тіліміз бар. Бірақ қазіргі жастарда өз еліне деген махаббат жоқ. Мен жастардан соны күтемін. Әр жастар отан үшін сапалы жұмыс істесе, отанын гүлдендіру үшін тер төксе кешегі алыптардың арманы орындалар еді. Содан кейін, адал жүріп, еңбек өту – елім деген жастардың алғы шарты болсын. Тәуелсіз кезеңнің жас қазағы – рухты болсын деген арман бар бізде. Осының бәрін орындаған жастар – елінің, Елбасының үмітін ақтайды деп сенемін.