#
#
Дүйсенбі 17/06/2019

Әр балаға – 21 мың теңге: Сапарбаев алаяқтық жасағандар жауапқа тартылатынын айтты

  • 13.06.2019
  • 0
  • 137

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті алаяқтық жолмен алғандардың жазаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan тілшісі.

"Нақты шара қабылданады. Жолдары да бар. Біз қазір оларды прокуратура органдарына беріп жатырмыз. Солар тексереді. Егер алаяқтық анықталса, онда қылмыстық жазаға тартылады", – деді Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындағанда делдалдар жәрдемақыны алып беруге көмектеседі. Алдымен осы адамдар жазаға тартылады.  

"Мысалы, жұмыспен қамту орталығы мен көпбалалы ананың арасында делдал болып, соның ақшасын алып беріп, кішкене ақшасын өзі алса, ең бірінші солар жазаланады. Сосын көпбалалы отбасылар өз табысын дұрыс көрсетпесе, жауапқа тартылады. Қазір біз ол жұмысты кейбір өңірлерде жүргізіп жатырмыз. Біткеннен кейін прокуратура органдарына тапсырамыз", - деп атап көрсетті Сапарбаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар