#
#
Сенбі 07/12/2019

Әр балаға - 11 мың теңге: Желіде тараған қауесетке қатысты министрлік түсінік берді

  • 28.09.2019
  • 0
  • 1227

Әр балаға 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы төлеу туралы хабарлама жалған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, хабар таратушы әртүрлі мессенжерлерде «1 қазаннан бастап отбасы жағдайына қарамастан әр балаға 11 мың теңгеден жәрдемақы төленеді» деген ақпарат тараған болатын. Министрліктің мәліметінше, бұл шындыққа жанаспайды.

«Балалы отбасылардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау - Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда бала тууды ынталандыруға және балаларды отбасында тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі ұсынған балалы отбасыларды қолдаудың ұлттық моделі құрылды» дейді ведомстводан.

Ол модель мынадай:

- бала тууына байланысты жәрдемақы (бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы мөлшері 95 950 теңге (38 АЕК), төртінші және одан да көп бала үшін - 159 075 теңге (63 АЕК);

- бір жасқа дейінгі баланың күтіміне арналған жәрдемақы (биылғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 5,76 АЕК - 14 544 теңге, екінші балаға 6,81 АЕК - 17 195 теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК - 19 821 теңге, төртінші және одан көп бала үшін 8,90 АЕК - 22 473 теңге);

- мүгедек баланы ересек болғанға дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына тағайындалған және төленген жәрдемақы (оның мөлшері 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орташа есеппен 41 418 теңге (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі)

- бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматты күтуге төленетін жәрдемақы (2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, 41 578 теңге (13.4 ең төменгі күнкөріс деңгейі)

Сондай-ақ, Қазақстанда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағына ие болған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан төленеді (көлемі -16 160 теңге).

Сонымен қатар, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жәрдемақы төленеді, 2019 жылы жәрдемақы мөлшері – 10 504 теңге.

Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдерге босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін әзірлеуде. Бұл механизмдер ашықтық, әділдік және еңбекке ынталандыру қағидаттарына негізделіп, балаларды әлеуметтік қолдау шараларына ерекше назар аударылатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар