#
#
Жексенбі 25/08/2019

Әр адам смартфонға қауіпсіздік сертификатын өз еркімен орнатады – Асқар Жұмағалиев

  • 23.07.2019
  • 0
  • 278

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ұялы байланыс операторларынан абоненттерге қауіпсіздік сертификатын орнату хабарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балаларға интернетте экстремистік, лаңкестік сипаттағы және басқа да теріс мәндегі материалдарды көру пайдалы ма?! Қауіпсіздік сертификаты осы мәселелерді шешетін болады. Аталған сертификатты орнатуды әр адам ерікті негізде жүргізеді. Егер де жақындарыңызға, балаларға алаңдасаңыз, қауіпсіздік сертификатын орнатасыз, ал егер қажет емес деп санасаңыз, онда орнатпауға еріктісіз. Сертификаттың тағы бір пайдалы жағы – ол ақпараттық қауіпсіздікке қатысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Өйткені сайттардың жұмысына кедергі келтіретін әрекеттер болып жатады», - деді министр.

Сонымен қатар А. Жұмағалиев Қазақстан халқының жеке мәліметтерін қорғау заңнамамен кепілдік берілгенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, операторлар аталмыш сілтеме елдегі барлық абоненттерге таратылып жатқанын айтады. 

Яғни, әзірге ондай SMS алмаған адамдардың алаңдауына себеп жоқ. Сілтеме келген сәтті күтіп, орнатуға дайын болуы керек. Мамандардың айтуынша, абоненттің хакерлік шабуылға ұшырауы үшін күмәнді сілтемеге өтуі міндетті емес. Яғни қауіпсіздік жүйесінің сертификаты болмаған жағдайда интернет арқылы пайдаланатын көптеген қызметтерге кіретін құпия сөздер мен кодтарды ұрлау оңай. Қауіпсіздік жүйесінің сертификатын орнату осы үшін қажет.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар