09 там, 2017 сағат 08:38

Аптап ыстықтан Аралда балық қырылып жатыр

Кіші Аралға қатысты Көкарал бөгетінде балықтың қырылу фактісі тіркелді. Бұл жағдай Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті инспекторларының тексерісі кезінде белгілі болды, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

Бүгінгі күнде балықтардың не себепті қырылғаны белгісіз болып отыр. Облыста арнайы құрылған комиссия оқиғаның неден болғанын анықтауға кірісті. Оның құрамына экология, төтенше жағдайлар мен ветеринария қызметінің мамандары тартылды.

«Оқиғаның себеп-салдарын әзірге нақты айтуға ертерек. Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, балықтың қырылуына Қызылорда облысында күннің шамадан тыс ысуы мен Көкарал бөгетінде суды теңізге ағызып жіберу себеп болуы мүмкін. Алайда оның нақты себебі әзір айқын емес», - дейді мамандар.