08 қаң, 2019 сағат 13:37

Анкарада Ресей елшісі өліміне қатысты сот басталды

Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың 2016 жылы желтоқсанда қастандықтан қаза табуына қатысты күдіктілердің соты басталды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Тергеу бұл істегі 28 айыпталушыны елде тыйым салынған FETO ұйымына қатысы бар деп атайды. Террорлық ұйым деп танылған FETO жетекшісі Фетхулла Гүлен АҚШ-та тұрады.

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада өнер көрмесіне сөйлеп тұрғанда ол жерге күзетші кейпінде кірген 22 жастағы Мевлют Мерт Алтынташ есімді адам оны ту сыртынан бірнеше рет атып жаралаған. Елші ұзамай жарақатынан көз жұмды. Бұрын полицияда қызмет істеген Алтынташтың өзі полициямен атыста оққа ұшқан. Алтыншаш дипломатты атқан кезде "Аллаху акбар! Алеппоны ұмытпаңдар!" деп айқайлаған.