#
#
Жексенбі 17/11/2019

"Ангола: Африкадағы беймәлім миссия" атты деректі фильм жарық көрді

  • 02.11.2019
  • 0
  • 859



"Qazaqstan" ұлттық арнасынан "Ангола: Африкадағы беймәлім миссия" атты деректі фильм көрермен назарына ұсынылды.

Деректі фильмде 1975 жылдардағы Анголадағы азаматтық соғыс тарихы кеңінен баяндалып, оған қатысқан қазақстандық сарбаздар туралы тың ақпараттар айтылады. Арнайы тапсырмамен Ангола асқан отандастарымыздың қилы тағдыры фильм өзегіне айналады. 

Кеңес одағы Анголадағы азаматтық соғысқа неліктен араласты? Қандай қолдау көрсетті? Әскерилерге қандай міндет жүктелді? Деректі фильм авторлары бұл сауалдардың жауабын іздейді. 

Кеңес операциясының беймәлім беттері, капитализм мен социализмнің текетіресі арнайы жобада талқыға салынады.

Анголада астыртын қызмет еткен қазақстандық әскерилер сұхбат беріп, сол бір сұрапыл жылдардағы бастан кешкен оқиғаларын еске алады.

Сәл шегініс жасасақ. Африканың батысын бойлап жатқан Ангола мемлекеті 1975 жылы 11 қарашада тәуелсіздігін жариялаған. Ұзақ жылдар Португалияның отары болған елдің егемендік алуы оңайға түспеді.

Жергілікті халық отаршыларының үстемдігіне қарсы азаттық күресін үздіксіз жүргізген. Әсіресе 1961 жылы басталған ұлт-азаттық қозғалысы тәуелсіздік үшін жасалған бірден-бір қадам болды. Ел патриоттары Португалия басқыншыларына қарсы қарулы күреске шығады. Бұл күрестің басында Анголаны азат ету жолындағы халықтық қозғалыс партиясы тұрады.

Дәл сол жылы мамыр айында Кеңес үкіметі "Анголадағы жағдай туралы" арнайы мәлімдеме жасайды. Ол мәлімдемеде Португалия отаршылдары айыпталып, бүкіл дүниежүзін Ангола халқының құқын қорғауға шақырады. 

Осы кезден бастап Кеңес үкімет тарапы қол ұшын соза бастайды. Ангола сарбаздарын оқыту үшін командирлер, нұсқаушылар мен үйретушілер жіберіліп, қару-жарақ түрінде көмек көрсетіледі. Анголаға аттанғандардың ішінде қазақстандық әскерилер де аз болмаған.

Бүгінге дейін елімізде "16 жылға созылған Ангола соғысына" қазақстандықтардың қатысуы туралы ақпараттар ашық айтыла бермеді. 

Бұл деректі фильм қара құрлықтағы құпия миссия туралы айтылмаған ақпараттарды ел назарына ұсынып, өз міндетін абороймен атқарған азаматтарымыздың жанкешті жылдарынан сыр шертеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар