17 қаң, 2020 сағат 06:10

Анастасия Городко Еуропа кубогындағы үшінші медалін жеңіп алды

Швейцарияда өтіп жатқан фристайл-могулдан Еуропа кубогында қазақстандық Анастасия Городко үшінші медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл жолы спортшы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Ал алтын жүлде - германиялық Софи Вессенің еншісінде. Үшінші орында - тағы бір германиялық спортшы Ханна Вессе. Анастасия Городко Еуропа кубогіндегі үшінші жүлдесін иеленіп отыр.

Бұған дейін ол екі рет алтын алған болатын.