#
#
Cәрсенбі 29/03/2017

Анаға апарар жол (фильмнің толық нұсқасы)

  • 14.12.2016
  • 0
  • 1450

«Анаға апарар жол» көптеген өмір сынақтарынан өткен адамның тағдыры туралы әңгімелейді. Барлық қиындықтарды жеңуге оған ана махаббаты күш береді. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар.

Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.

Фильмнің түсірілімі Қазақстанда, Әзербайжанда және Беларусь елдерінде өткен. Басты рөлдерді Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова және Еркебұлан Дайыров сомдайды. «Анаға апарар жол» тарихи драмасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген, бас продюсері – Әлия Назарбаева.

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР