05 мау, 2019 сағат 11:28

Әміржан Қосанов штабы Семейде кезекті семинарын өткізді

Шығыс Қазақстан облысында сайлау бақылаушыларына арналған кезекті семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" кандидат Әміржан Қосановтың штабына сілтеме жасап. 

Семей қаласында Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді.

Іс-шараның модераторы және тренері - саясаттанушы Дос Көшім. Ол бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді.

Сонымен қатар, ол Семей қаласының жергілікті тұрғындарымен кездесті.