04 мау, 2019 сағат 10:39

Әміржан Қосанов штабы Қарағандыда бақылаушыларға арнап семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы Қарағанды облысының орталығында және аудандарында сайлау бақылаушыларына арнап семинар-тренинг өткізді. Бұл жөнінде кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Әміржан Қосанов штабы сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинарлар өткізуді жалғастырып жатыр.

Саясаттанушы Дос Көшім бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеті жайлы түсіндірді. Қатысушылар қызығушылық танытқан тақырыптарын көтеріп, барлық өзекті сұрақтарына жауап алды.

Еліміздің барлық өңірлерінде болашақ байқаушылар бұл процеске шынайы қызығушылық танытуда.