31 мам, 2019 сағат 10:24

Әміржан Қосанов Ақсу қаласының халқымен кездесті

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов Павлодар облысына келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" кандидаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әміржан Қосанов Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті.

Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы жан-жақты талқыланды. Үміткер түрлі өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізді. Штаб өкілдері өңірлік үгіт-насихат жұмысы жөнінде баяндап берді.

Жұртшылық өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.