09 мау, 2019 сағат 22:46

Амангелді Таспихов сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді

Қазақстанда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өз мәресіне жетті. Алдын ала Еxit poll қорытындысы да жарияланды. Осыған байланысты кандидаттың бірі Амангелді Таспихов пікір білдірді.

Амангелді Таспихов сайлаудың үгіт-насихат барысында ешқандай да кедергілер болмағанын атап өтеді.

«Бізде ешқандай да кедергі болған емес, үгіт-насихат жұмысы барысында ешкім жұмысымызға араласқан жоқ. Сондықтан, ешқандай да шағым жоқ. Өз басым 12 өңірде болдым, менің сенімді өкілдерім, жақтастарым барлық аймақтарды аралап шықты. Біз, кәсіподақтар, өзімізді осы сайлау арқылы көрсете алдық, менің көзқарасымды жақтағандар бір командаға жұмылдық. Мені қолдайтан көптеген достар таптым. Барлық жерде де бізді жылы қарсы алып, қолдауларын білдіріп жатты», - дейді Таспихов.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу үлкен абырой, үлкен жауапкершілік. Сондықтан да, кандидат осы маңызды кезеңде өзін қолдағандардың баршасына алғысын жеткізді.

«Маған көмек көрсеткен барша азаматтарға алғысым шексіз. Осындай адамдардың менің қасымнан табылып, маған қол ұшын созып, қолдағандарға аса ризашылығымды білдіремін», деді ол.

Еске сала кетейік, «Қоғамдық пікір» институтының бүгінгі сайлаудың нәтижесіне арналған Еxit poll бойынша кандидат Таспихов 1,41 пайыз дауысқа ие болды.

ҚазАқпарат