#
#
Дүйсенбі 09/12/2019

Амандық Баталов АЭС құрылысы жайлы: Бәрі сөз күйінде қалды

  • 19.11.2019
  • 0
  • 386

Алматы облысында АЭС құрылысы жайлы ешқандай талқылау да, аралау да болған емес. Өңір басшысы Амандық Баталов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бірден айтайын: иә, ол туралы әңгіме болды. Бірнеше нұсқа болғанын да білесіздер. Алматы облысында, Жамбыл өңірінде, Балқаш көлінің маңында – бірнеше нұсқа қарастырылған еді. Тағы бір нұсқа ретінде Шығыс Қазақстан облысы айтылды. Бірақ, бұның бәрі сөз күйінде күйінде қалды. Ешқандай жерді қарастыру, талқылау, арнайы барып жерді көру – мұның бәрі болған емес. Оны ашық айта аламын», - деді Алматы облысының әкімі Орталық комманикациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, осы жылдың сәуірінде Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасының құрылысына қатысты ойымен бөліскен болатын. Мемлекет басшысы ел халқының басым бөлігінің пікірі ескерілместен АЭС құрылысы туралы шешім қабылданбайтынын айтқан еді.

Өз кезегінде, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қазақстанда атом электр стансасы салына ма?» деген сұраққа жауап беріп, «халық наразы болса, салмаймыз» деген болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар