27 ақп, 2020 сағат 15:11

Аман-саумын – Джеки Чан коронавирус жұқтырғанын теріске шығарды

Әлемге танымал актер Джеки Чан коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарып, жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қамқорлықтарыңыз үшін баршаңызға рақмет! Мен аман-саумын, денсаулығым жақсы. Өтінемін, уайымдамаңыздар. Карантинде де емеспін. Бәрі де қауіпсіз әрі дені сау күйде болар деген сенімдемін», - деп жазды Джеки Чан Instagram-парақшасында.

Айта кетсек бірқатар БАҚ-та актер коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Соның ішінде шетелдік тілшілер Джеки Чанның Гонконгтегі кешінен кейін карантинге жатқызылғанын жазды.