11 шіл, 2017 сағат 13:12

Алып ұшақ Димаш есімімен аталады

Қытайда ұшаққа Димаш Құдайбергеннің есімі берілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әншінің досы әрі PR-директоры Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл ұшақ Moonlight blade онлайн ойыны желісіне арналмақ және 22 тамызда бұл ұшақ Шанхайдан Бейжіңге алғашқы рейсін орындайды екен.

"Қазақ баласының атымен енді ұшақ жарыққа шығады! TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ Moonlight blade онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі бейнеленетін болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!! Барша Димаштың жанкүйерлеріне, Dears, құтты болсын!!!", - деп жазды Алпамыс Шаримов.