07 жел, 2018 сағат 12:55

Алтынбек Әмірғалиев: Біздің жұмысымыздың ең маңызды бағыты - жастармен жұмыс жасау

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының XXIV съезінде Қазақстандағы еңбек құқықтарын тиімді қорғау үшін алдағы 5 жылда шаралар аңықталды және 2020 жылға дейінгі іс-қимыл стратегиясы қабылданды. Өздеріңіз білетіндей, табыс - уақыттың қиындықтарына әрекет етудің бірлігі мен жылдамдығына байланысты. Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығының төрағасы Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы бұл шешімнің Ақтөбе облысында қалай жүзеге асып жатқанын айтты.

 Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығының ең өзекті міндеттері қалай шешіліп жатқанын айтып берсеңіз.

- Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы (ҚРКФ) еңбек құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның ең ірі қоғамдық ұйымы болып табылады. КРКФ 22 салалық кәсіподақтар мен 16 аумақтық бірлестіктерді біріктіреді, олардың қатарында 2 миллионнан астам мүше бар. Федерацияның барлық жұмыстары белгіленген заңнама аясында Қазақстанның жұмыс істейтін тұрғындарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған.

2018 жылдың қаңтарында ҚРКФ-ның 2018-2018 жылдарға қызметін жаңғыртуға арналған Жол картасын әзірледі, ол Федерация қызметінің нақты бағыттары бойынша жұмысты жандандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары болып табылады.

Жол картасы негізінен елдегі ақпараттық салада ҚРКФ-нің қызметін күшейту, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссиялардың жұмысы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құру, жастармен жұмыс істеу және құқықтық тәрбиелеу мәселелеріне бағытталған. Бұл құжат жаңа міндеттемелерді енгізбейді және мүшелік ұйымдардың құқықтарын бұзбайды, соның ішінде салалық кәсіподақтардың қызметіне кедергі келтірмейді.

Кәсіподақтар федерациясының басты міндеті әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақтөбе облысының Кәсіподақтар орталығы ҚРКФ-ның мүшесі ретінде, қазіргі уақытта 1,1 мыңнан астам бастауыш және 25 салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының жұмысын біріктіріп үйлестіреді, олардың ішінде 130,0 мың кәсіподақ мүшесі бар.

Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің серіктес ретінде жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және жергілікті атқарушы органдармен келісім жасасады және келісімнің жобасын дайындау және оны жасау туралы келіссөздерге қатысады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының әкімі, кәсіподақ орталығы мен  Кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2018-2020 жж. арналған үш жақты келісімге ағымдағы жылдың 8 масуымында қол қойылып жұмыс жасап жатыр.

Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның жуырдағы отырысында 2018 жылдың 5 қазанындағы халықтың жалақысын көтеру Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қосымша келісім бекітілді.

Кәсіподақтар Федерациясы «Нұр Отан» партиясы мен Жоғарғы сот арасындағы еңбек туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды нығайтуға және еңбек дауларын шешудің альтернативті механизмдерін пайдалануға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Ақтөбе облыстық сотының және Кәсіподақ Орталығының арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Татуласу орталығы  жұмыс жасап жатыр, оның мақсаты дауды алдын-ала реттеуді толықтай қамтамасыз ету, халықты жанжалды шешуге байланысты қызметтерді, соның ішінде еңбек даулары болып табылады.

2018 жылдың 12 маусымында Кәсіподақ орталығы Еуропалық құқық және адам құқықтары институтымен бірлесіп «Құқықтық мәдениетті және қоғамның құқықтық сауаттылығын қалыптастыру» әлеуметтік жобасының шеңберінде Діни және азаматтық істер министрлігінің қолдауымен «Құқықтық көмек көрсету» орталығын ашты. Оның мақсаты құқықтық мәдениетті, заңдылықты сақтау, құқықтық көмекке қолжетімділікті бағалауды, сананы жаңғырту тұрғысында шағын қылмыстарға «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру. Аталған орталықтар еңбек делдалдығы жағдайларын тегін қарастырады.

Тұрақты әлеуметтік ахуалды сақтау және аймақтағы еңбек дауларын болдырмау мақсатында және 2018-2019 жж. ҚРҚФ-ның жаңғыртуға арналған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде өңірдегі еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ белсенділерімен кездесулер кестесі жасалады. Жыл басынан 60 кәсіпорынға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Кәсіподақ орталығының басты назарында 2018 жылғы 5 қазандағы ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюы туралы Елбасының Жолдауында айтылған, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып, кәсіподақтар орталығы жұмыс істейтін жұмыскерлердің төмен жалақы деңгейлерінің жалақысын көтеру мониторингін жүргізу үшін өңірлік штаб құрылды, жұмыс нәтижесі бойынша 75 мың адамның жалақысы көбейеді.

Мемлекет басшысы жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 2019 жылы Жастар жылы деп жариялады. Кәсіподақтар орталығы өз қызметінде кәсіподақ жастар саясатын күшейту мен жандандыру бойынша жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады. Уақыттың қиындықтарына жауап беретін «Келешек» Жастар Кеңесі Кәсіподақтар Орталығында мүлде жаңа форматта құрылған. «Келешек» жастар кеңесінің мақсаты - жастардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, жастарға әлеуметтік-еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік білім беру саласындағы құқықтарын хабарлау, жастарды кәсіподақтар қатарына тарту.

Бұдан басқа, біз Кәсіподақ орталығында санаторлық-курорттық емдеу және демалыспен айналысатын Профтур бірыңғай туроператорын аштық. Қазіргі уақытта Профтур компаниясы санаторлық-курорттық ұйымдармен ынтымақтастық туралы 15 келісім жасасты. Кәсіподақ ұйымы және оның мүшелері, сондай-ақ, тілек білдіргендер, Прфурта арқылы жолдамаларды жеңілдіктермен ала алады.

Сіздің ойыңызша, қандай жаңа құралдар кәсіподаққа қосылуға түрткі болады?

Кәсіподақ мүшелігінің мотивациясы көптеген кәсіподақ ұйымдары үшін ауыр тақырып. Қызметкердің өз құқықтарын қорғауы үшін, ол жалғыз әрекет етпеуі керек. Ол ұқсас адамдар ұйымында болуы керек - сен сияқты, өз жұмысымен өмір сүріп, қадірлі өмір сүргісі келетін адамдар. Мұндай ұйым бар - бұл кәсіподақтар. Дегенмен, жұмысшыларда неге мен кәсіподақ мүшесі болуым керек және менің еңбекақымның бір пайызын неге беру керекпін деген сұрақтар туындайды.

Бүгінде кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің кәсіподақ әлеуметтік, еңбек және қоғамдық мүдделерді қорғау құралы екенін аңық түсініп отыр.

Кәсіподақ мүшелігін сақтау және жаңа қызметкерлерге арналған науқан жүргізу арқылы адам өзінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғауға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы Еңбек кодексі жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын кәсіподақ ұйымын өте маңызды қылып отыр.

Мысалы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде жұмыс беруші қызметкерді өз қалауы бойынша жұмыстан шығаруға немесе қысқартуға тыйым салады. Бұл рәсім кәсіподақ комитетінің пікірін ескереді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ұжымдық шарт жалақы, демалыстар, сыйақы беру, жұмыстан шығару және т.б. туралы шешімдер қабылдаудың өзге де ережелерін белгілей алады. Сондықтан ұжымдық шартта жұмыс берушінің барлық бұйырықтары кәсіподақ комитетінің келісімімен ғана қабылдануы тиіс.

Кәсіподақ негізі - бастауыш ұйым. Кәсіподақтардың жұмыс күшінің мүдделерін қорғау саласындағы жұмысының ауырлық орталығы ең алдымен бастауыш кәсіподақ ұйымның иығында жатыр. Кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттері күн сайын қызметкерлердің, кәсіподақ мүшелерінің өзекті мәселелерін шешіп отырады. Бастауыш кәсіподағының жұмыс жасауыі, барлық кәсіподақ құрылымдарының - аумақтық, республикалық, салалық кәсіподақтардың және федерациясының жұмысыныда солай бағаланады.

Сондықтан біздің ортақ міндетіміз - республикалық салалық кәсіподақтар және аумақтық кәсіподақтар жағынан барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарын қажетті ұйымдастырушылық және әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету.

Кәсіподақ қозғалысын күшейту, ең алдымен, кәсіподақ мүшелерінің мотивациясын арттырады. Кәсіподақтағы қызметкерлердің саны неғұрлым көп болса, кәсіподақ қозғалысы күшейе түседі. Жұмыс берушілер әрдайым бұқаралық кәсіподақтармен есептелетін болады, бұл біздің кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен дәлелденеді. Біздің жұмысымыздың ең маңызды бағыты - жастармен жұмыс жасау, оларды кәсіподақтар қатарына тарту.

Бүгінде кәсіподақтардың барлық құрылымдары үшін ең басты міндеттердің бірі еңбекке лайықты еңбекке құқықтарын сақтау, лайықты еңбекақы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайлары, халықты толықтай жұмыспен қамту арқылы адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Мұның бәрі әрбір кәсіподақ ұйымының, әрбір кәсіподақ органының белсенді қатысуымен, біздің ортақ ісімізге қатысуын және жауапкершілігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының кәсіподақтары жұмысшылардың заңды мүдделерін қалай қорғайды (нақты мысалдар келтіріңіз).

- Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек қатынастарын реттеудің қолданыстағы әдістерінің бірі ұжымдық келісімдердің жасалуы болып табылады. Облыста ұжымдық келісімдерге қол жеткізумен айналысатын кәсіпорындардың саны 75,5% -ды құрайды, барлығы 8 610 ұжымдық шарт жасалды. Кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін жерде ұжымдық келіссөздер 100% құрайды.

Ұжымдық шарт кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан олардың мазмұнына және сапасына ерекше назар аудару керек. Қолданыстағы ұжымдық шарттардың ережелері, әсіресе, еңбекақы төлеу саласында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды өзгертіліп, олар жаңа әлеуметтік пакеттермен және кепілдіктермен толықтырылу қажет. Кәсіподақтың кәдімгі мүшесі ұжымдық шарт арқылы шынымен кәсіподақ комитетінің іс-қимылдарын сезініп, «иә, кәсіподақ бар, ол жұмыс істейді және жұмыс істейтін адамның құқықтары мен мүдделерін қорғай алады» деп айталатын болу керек.

Алайда, Ақтөбеде ұжымдық шарт жоқ компаниялар бар, мысалы, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Анвар» ЖШС, «Ақтөбе-Сәулет» ЖШС, «Көктас» АҚ, Ақтөбе мұнай өңдеу зауыты, осы компанияның қызметкерлері ұжымдық шарт жасаспау себеінен, әлеуметтік және материалдық көмек үміттене алмайды.

Бұдан басқа, Кәсіподақтар орталығында азаматтар тұрақты негізде қабылданатын қоғамдық қабылдау орны бар. Облыстың кәсіпорындарына және аудандарына бару тәжірибесі жалғасып келеді. 2018 жылдың 10 айының ішінде 166 азамат жазбаша түсініктеме беру және құқықтық көмек көрсету арқылы қабылданды, мән-жайлары туралы шешім қабылдау арқылы 12 жазбаша өтініштер қаралды.

Мысалға:

«Табыс-Ақтөбе» ЖШС бастапқы кәсіподақ ұйымы төрағасының Кәсіподақ орталығына жіберілген қызметкерлерге қатысты кәсіпорын басшылығының заңсыз әрекеттері туралы, сондай-ақ қызметкердің қазіргі жағдайы туралы арызы қаралды. Кәсіподақтар орталығының тікелей қатысуымен қызметкерледің барлық проблемалық мәселелері өздерінің оң шешімін тапты, соның ішінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын лауазымына қайта қалпына келтіру мәселесі шешілді.

Жақында Кәсіподақ Орталығы әлеуметтік серіктестермен, ішкі саясат бөлімі және еңбек инспекциясымен «Ұлы қабырға» ЖШС кәсіпорнына барып, жұмысшылардың ұжымдық арызын қарады. Арыздың мәні - еңбекақы мөлшерінің төмендеуіне байланысты еңбек жағдайлары өзгерген қызметкерлердің келіспеушілігі болып табылады. Бұл мәселе Кәсіподақтар орталығымен сол компанияның бастауыш кәсіподақ ұйымның қолдау көрсету нәтижесінде, ұжымдық арыз келісу комиссиясында қаралып, нәтижесінде жұмыс берушінің бұрын шығарылған актісі жойылды, бұрынғы еңбек жағдайлары қызметкерлерге қайтарылды.

Бұрын, 2018 жылдың маусым айында аймақтағы тұрақты әлеуметтік ахуалды сақтау мақсатында, Ақтөбе облысының кәсіподақ орталығының төрағасы А.Әмірағалиев, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Ақтөбе филиалының директоры Ө.Уркембаевпен бірге «Сағиз Петролеум компаниясы» ЖШС адам қызметкерлермен кездесу барысында қызметкерлер әлеуметтік аударымдар туралы мәселені көтерді, себебі жұмыс беруші 2005 жылдан бастап жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарын мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудармай келген.

Қазіргі уақытта бұл мәселе оң шешім тауып, жұмысшыларға арналған, жұмыс беруші тарапынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 134 млн. теңге және 65 млн. теңге айыппұл аударылған, осының арқасында осы компанияның қызметкерлері заң бойынша талап етілетін әлеуметтік төлемдерді алатын болады.

Еңбекті қорғау саласындағы инновациялар арасында «жасыл жұмыс орындарын» құру. Осы бағыттағы аумақты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісіңіз.

- «Жасыл даму» идеясы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының басты басымдықтарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Адамзат өндірістің тұжырымдамасын өзгертетін Үшінші индустриялық революцияның қарсаңында тұр. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтардың құрылымы мен қажеттілігін түбегейлі өзгертеді. Біз қазірдің өзінде мүлде басқа технологиялық өмірде өмір сүріп жатырмыз».

Үшінші индустриалдық революция Қазақстан үшін экономиканың жаңа түрі - «жасыл экономика» құрудың нақты мүмкіндігі бола алады.

«Жасыл жұмыс орындар» - бұл ауыл шаруашылығында, өндірісте, ғылыми-зерттеу, менеджментте, қызмет көрсетуде жұмыс жасау, бұл қоршаған орта сапасын қорғауға және қалпына келтіруге ықпал етеді. Жасыл жұмыс орындары лайықты жұмыс критерийлеріне сәйкес болуы керек, яғни, бұл жақсы жалақы, қауіпсіз еңбек жағдайлары, тұрақты жұмысқа орналасу, біліктілігін көтерудің қолайлы перспективалары және жалданып жұмыс істейтін қызметкерлердің құқықтарын құрметтеу үшін жоғары сапалы жұмыстар болуы тиіс.

Қазақстанда жыл сайын 200-ге жуық қызметкер қайтыс болады, сондықтан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау КРҚФ-ның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

ҚРКФ 2018 жылы еңбек қорғау және денсаулық сақтау жылы деп жариялады. «Атамекен» АЭА-мен бірге «Бірге біз еңбек қорғау саласындағы алдын-алу мәдениетін арттырамыз» республикалық акциясын іске қосты.

Осы жылдың желтоқсан айында ҚРКФ еңбек қауіпсіздігі бойынша ең жақсы техникалық инспекторларға кәсіподақтардан конкурстың қорытындысын шығарады, олар өндірістегі қауіпсіз еңбек қоғамдық бақылауда жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында АЭС және ҚР Еңбек министрлігімен бірлесіп, «Еңбек шартын жасаңыз!» Бастамасы бойынша бейресми жұмыспен қамту мәселесін шешуге және алты айда 8 мыңға жуық жұмыс беруші еңбек келісім-шарттарына қол қою арқылы 38 мың қызметкермен еңбек қатынастарын заңдастырды .

Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқу, зерттеу және қақтығыстарды шешу Орталығымен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 7 тамызында «Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнама» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға облыстың барлық өнеркәсіп салалары мен жергілікті кәсіподақтардың 40-тан астам адам қатысты.

- Кәсіподақ қозғалысы үшін қандай реформалар қажет? Сіздің ойыңызша, ең алдымен қандай міндеттерді шешу қерек?

- Тәуелсіздік алған жылдарынан бері Қазақстан Республикасы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және келісім жағдайында, әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуда.

Мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларда «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының келешегі және еліміз бен әрбір Қазақстандықтардың тағдырының жаңа белестері қарастырылған.

Соңғы жылдары әлемдегі көптеген елдер қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүруде. Осындай күрделі жағдайда Үкімет, атқарушы органдар, кәсіподақтар мен жұмыс беруші әлеуметтік әріптестік институтының қатысушылары өзіне айтарлықтай жауапкершілік алуда. Олардың бірлескен іс-қимылы өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға, жұмыскерлердің еңбек құқығы мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасы нормаларының қатаң сақталуына бағытталған.

Уақыт пен заман талабына сәйкес кәсіподақтар Федерациясы кәсіподақтарды біріктіру мен кеңейтуге, еңбек қатынастарын реттеуде олардың рөлін арттыруға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, ұйымдастырушылық-қаржылық жұмысты жетілдіруге, кәсіподақ кадрларының жауапкершілігін көтеруге, олардың резервін даярлауға, еңбек ететін әйелдер және жастармен жұмыс істеуге, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға бағытталған жаңа бағыт алды. Кәсіподақтар қызметінде жаңа идеялар мен өзге де шешімдер қолдау тауып ендірілуде.

2018 жылы ҚРКФ қарапайым мүшелермен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірге «кері байланыс» жүйесін құруға бағытталған бірқатар ірі және жүйелік іс-шаралар өткізіп, бастауыш кәсіптік одақтармен өзара іс-қимылға белсене араласты.

Елдің өңірлерінде жұмыс күшейіп, жыл басынан өңірлерде бастап бастауыш кәсіподақ ұйымдары форумдары өткізілді.

Кəсіподақтар қазіргі күнге сəйкес келетін қарапайым трансформация кезеңінен өтіп жатқан жоқ, ҚРКФ-ның қатарында ашықтық процесі басталды.

Кәдімгі кәсіподақ мүшелері - жұмысшылар өздерінің жарналары қайда және қалай жұмсалғаны туралы ақпарат ала алады, жоғарыдағы кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттерін қаншалықты тиімді жүзеге асырады және сонымен бірге оны тексеруге мүмкіндік бар.

Еңбек дауларын алдын-алу және шешу бойынша мүдделі серіктестермен ынтымақтастық кеңейтілген. Еңбек министрлігі мен «Атамекен» АЭС-мен бірлесіп бірлескен іс-әрекеттер алгоритмі жүргізіліп жатыр.

Осылайша, кәсіподақ қозғалысының жаңа үлгісін жасау арқылы қоғамдағы кәсіподақтардың рөлін одан әрі нығайту, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру қажет.

- Сұхбатыңызға көп рахмет!