08 қаз, 2018 сағат 15:13

"Алтын Тобылғы" әдеби байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда.  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауы басталғанын хабарлаған болатын. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 5,5 миллион теңге.

Жалпы ережелер

  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры тағайындаған «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесін (бұдан әрі — Жүлде) беру тәртібін белгілейді.

Мақсаты — қазіргі заманғы Қазақстанның көркем әдебиетін дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.

Міндеттері:

  • жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақстандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;
  • тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;
  • қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.

Жүлденің құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры (бұдан әрі — Жүлде құрылтайшысы немесе Н.Назарбаев Қоры).

Жүлдені тағайындау бойынша конкурс өткізудің серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:

1) «Жылдың үздік прозасы»;

2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

3) «Жылдың үздік драматургиясы»;

4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

5) «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына  арналған үздік әдеби туынды.

Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды номинациясы жеңімпазына беріледі.

Өткізу тәртібі

Конкурс басталғаны туралы хабарландыру Н.Назарбаев Қорының сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Шығармалар 2018 жылғы 1 шілдеден 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.

Конкурстың қорытындысы 2018 жылғы желтоқсанның  бірінші онкүндігінде жарияланады.

  1. Жүлдеге әдеби туындыларды ұсыну тәртібі
  2. Конкурсқа 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.
  3. Бір автор тек екі номинацияға қатысуға құқылы.
  4. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
  • Конкурсқа бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
  • конкурсқа бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтары бұзылған шығармалар қабылданбайды;
  • шығарма А-4 форматында, мәтіні 14 көлеміндегі Times New Rоman қарпімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
  • проза үшін — 35 беттен кем емес;
  • поэзия үшін — 5 беттен кем емес;
  • драмалық шығарма үшін — 30 беттен көп емес;
  • балалар әдебиеті үшін — 25 беттен көп емес;
  • «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған түрлі жанрдағы әдеби шығарма (проза — 35 беттен кем емес; поэма — 5 беттен кем емес; драма — 30 беттен көп емес; балалар шығармасы — 25 беттен кем емес;).
  • Конкурсқа жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деген белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:

Конвертке бөлек салынатындар 1) автордың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс:  аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail.

  1. Өтінімдер поштамен Астана қаласы,А.Бөкейхан көшесі, 1 үй, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мекенжайына және at2018@fpp.kz электрондық пошта бойынша жіберілуі тиіс.
  2. Конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, автор:
  • өзінің авторлығын растайды;
  • Жүлденің ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді;
  • авторлық гонорарды талап етпейді.
  1. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  2. Жұмыстарды Конкурсқа жіберуге және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

  1. Қолжазбаларды бағалау және Жүлде жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды Конкурстың Құрылтайшысы елімізге танымал ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақтаған (7 адамнан кем емес) Қазылар алқасы жүзеге асырады.
  2. Қазылар алқасының құрамы мен Төрағасын Конкурстың Құрылтайшысы бекітеді.
  3. Қазылар алқасының Жүлденің талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.
  4. Конкурсқа ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).
  5. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
  6. Конкурсқа ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде қаралады. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.
  7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.
  8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.
  9. Конкурсқа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлдені толығымен бермеуге немесе жартылай беру туралы ұсыныс жасауға құқылы.

Байланыс телефоны:

8 7172 708 318 – Бұлхаиров Серік Мамырұлы