01 жел, 2019 сағат 09:36

Altyn Samǵaý-2019: Қазақстанның үздік спортшылары анықталды

Елордада «Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорт жүлдесінің жеңімпаздары белгілі болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті ұйытқы болуымен осымен үшінші жыл өтіп жатқан «Altyn Samǵaý-2019» спорттық жүлде кешіне ел намысын республикалық және халықаралық бәсекелерде қорғап жүрген спортшылар қатысты.

«Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорттық жүлдесінің жеңімпаздары:

Үздік спорт командасы - Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы;

Үздік жас спортшы - Әбілмансұр Батырғалиев (Каратэ);

Ғылыми кешенді топтың үздік маманы - Ирек Сатов (Бокстан ұлттық құраманың дәрігері);

Үздік пара спортшы - Нұрлан Домбай (паратаэквандо);

Үздік пара спорт жаттықтырушы- Жандос Қиянов ( Парадзюдадан ұлттық құрама жаттықтырушысы);

Үздік спорт қауымдастығы - Шайбалы хоккей қауымдастығы;

Үздік спорттық өңір - Қызылорда облысы;

Қазақстан спортының майталманы- Әмин Тұяқов (Жеңіл атлетика);

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы- Әсет Серікбаев (Еркін күрес);

Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы- Елена Круглыхина (Фристайл);

Жыл жаңалығы - Әлішер Ерғали ( еркін күрес);

Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы- Элизавет Тұрсынбаева ( Мәнерлеп сырғанау);

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы- Бекзат Нұрдәулет ( Бокс).

Айтулы кеште отандық эстрада жұлдыздары «Ninety One» тобы, НаZима, «Молданазар» тобы, Кәмшат Жолдыбаева, Say Mo, Қуандық Рахым және тағы басқа әншілер өнер көрсетті.

Сондай-ақ, кеш көрермендері арасында 2020 жылғы Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға екі билет ұтысы ойнатылды.