01 қаз, 2018 сағат 09:04

«Алтын емел» паркінде сирек кездесетін құстар табылды

«Алтын емел» ұлттық табиғи паркінде кекілік, ұлар, сондай-ақ ілеспе қанаттылар сияқты жыртқыш құстарды есепке алу жүргізілді. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зоология институтының кәсіби орнитолог маманы қорықтан сирек кездесетін құстарды тапты.

«Үлкен Қалқан тауларында құз кептерлердің ұялайтын мекені алғаш рет тіркелді. Егер бұрын қызғылт бірқазандар мен сұңқылдақ аққулар кездескен болса, қазір бұйра бірқазандар мен қиқылдақтар табылды. Олар Қызыл кітапқа енген құстар. Бұлар осы саябақтағы құстардың тізімінде болғанымен, оларды инспекторлар өте сирек кездестіретін. Қамыстыбас суатында бірден 16 күшіген (Халықаралық Қызыл кітапқа енген) белгіленді. Сондай-ақ, 8 құмай кездескен. Айта кеткен жөн, биыл мамырда Кіші Қалқан тауларының баурайында өте сирек кездесетін балықшы тұйғын тағы да кезіккен болатын», - деді Сәкен Ділдахмет.

«Алтын емел» - Қазақстан аумағында Іле өзенінің алқабында орналасқан ұлттық табиғи паркі. Қорық 1996 жылы 10 сәуірде ашылған.