#
#
Дүйсенбі 21/10/2019

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алған аналар студент атануы үшін арнайы квота бөлінбек

  • 10.10.2019
  • 0
  • 73

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналарға еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуы үшін арнайы квота бөлінбек. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау мақсатында »Алтын алқа«, »Күміс алқа« иелеріне грант тағайындау бойынша квота қарастырылады», - деді министр Сенат депутаттарына «Педагог мәртбесі туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта мұндай институт елімізде қолданыста бар. Бүгінде мүгедектер және өзге де санаттағы азаматтарға жоғары оқу орнында білім алуына арнайы квота қарастырылған.

«Бізге көпбалалы аналарды өнімді жұмылдыру қажет деп отырмыз. Егер мұндай ниет танытқан адамдар болса, онда олар оқуға түсе алады. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруы, шекті балл алуы қажет. Дегенмен, олардың квотасы болады және қандай да бір жеңілдетілген шарттармен жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады. Бұл ретте онлайн оқу бойынша да норма бар», - деді Асхат Аймағамбетов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар