#
#
Жексенбі 16/12/2018

"Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" Польшаға жетті (фото)

  • 11.10.2018
  • 0
  • 389

10 қазан күні Польшаның Гданьск қаласында  «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

Аталмыш көрмені Польша Республикасының Гданьск музейі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері 25 жыл ішінде елдеріміз ынтымақтастықтың барлық бағыттарында елеулі табыстарға қол жеткізді және оны бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық мүддесінде екі ел халқының игілігі жолында одан әрі нығайтуды көздейді.

Көрменің ашылу салтанатына Польша Республикасындағы Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұханов, Гданьск қаласынаң вице-мэрі Петр Войчук, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков, К. Ақышев атындағы институт директоры Марал Хабдулина және Ұлттық музей мамандары қатысты. Шара барысында арнайы баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан: «Қос мемлекеттің Тәуелсіздік жолындағы тартысқа толы тағдыры бір-біріне ұқсайды. Сондықтан да болар, халықтарының түсінігі ортақ, ниеті бір. Қазақстан-Польша арасындағы бүгінгі достық қарым-қатынас екі елдің өзара сыйластығының көрінісі болса керек. Бұл көрме Польша Тәуелсіздігінің 100 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Польша Еуроодақ кеңістігіндегі «Алтын адам» әкелінген алғашқы мемлекет екенін атап өткен жөн», - деді.  

Өткен ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан қарым-қатынас серпіні тараптардың Қазақстан-Польша ынтымақтастығын дәйекті түрде дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Жыл өткен сайын қос мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс  барлық бағыттарда және оң нәтижелермен дамып келеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков:  «Бұл шараның негізгі мақсаты – көрермендерді Еуразия белдеуіндегі ұлы дала мәдени мұраларымен таныстыру. Көрменің басты экспонаты – «Алтын адам» және «Сармат жауынгері». Сонымен қатар ХІХ-ХХ ғасырларға тән әйелдердің әшекей бұйымдары қойылды. Жалпы көрмеге ҚР Ұлттық музейі қорынан 298 экспонат ұсынылды», - деді өз сөзінде.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының негізгі мақсаты – шетелдік көрермендерді ерте темір дәуіріндегі Еуразия Ұлы Дала белдеуінің мәдени мұрасымен таныстыру. Көрмеде ҚР Ұлттық музейі қорынан б.з. дейінгі VII-ІІІ ғасырларға жататыналтын бұйымдар коллекциясы мен Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері толық киіммен таныстырылды.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының маршрутына ТМД, Азия, Еуропа және Америка елдері кіреді. Жүзеге асыру мерзімі: 2018-2021 жылдар.

Сонымен қатар 2018 жылы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» Халықаралық көрме жобасы Корея Ұлттық музейінде (Сеул қ. Корея) өткізіледі. 2019 жылы аталмыш көрмені Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркия мемлекеттерінің музейлерінде өткізу жоспарланып отыр. 2020 жылы АҚШ, Италия, Австрия, Франция және Германия музейлерінде өткізу жоспарланған.

«Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар