02 мам, 2017 сағат 12:44

Алтын адамды әлемдік шедеврге айналдыру қажет - Арыстанбек Мұxамедиұлы

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Есік қорғанында табылған Алтын адамды әлемге кеңінен насиxаттап, Рембрант пен Леонардо да Винчидің туындылары деңгейіне дейін көтеруді ұсынды. Осының арқасында Қазақстанға туристерді көптеп тартуға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Әлем бойынша музейлерге туристердің көптеп баратыны белгілі. Бәріміз жақсы білеміз, ондай музейлердің әрбіреуінде бір шедевр бар. Мәселен, Луврға баратындардың 70-80 пайызы Леанардо да Вичнидің "Джокондасын" көруге асығады. Ал Эрмитажда Ремрандтың "Адасқан ұлдың оралуы" атты туындысын көргісі келеді. Әрине, өзіміздің Ұлттық музейімізге деген тура сондай қызығушылықты туғызу үшін қымбат бір шедеврді сатып алу қажет. Ал Сотбис аукционында ол шедеврлердің төменгі бағасы 100 миллион доллардан басталады", - дейді Мұxамедиұлы.

Осы орайда министр Алтын адам сияқты Қазақстанның өзіндік шедеврін кеңінен насиxаттау қажет деп санайды. Ол үшін әлемдік аты бар музейлерде көшпелі көрмелерді ұйымдастырып, танымал арналардан Алтын адам туралы деректі және анимациялық фильмдерді көрсетуге болады.

"Әлі есімде, Ресейдің Мемлекеттік Эрмитажына Алтын адамды алғаш рет апарып қойғанда біраз қиыншылықтар болды. Сол кезде біз Петровский мырзадан экпозицияны 20 күнге дейін ұзартуды сұрағанбыз. Алайда екі аптадан кейін ол өзі қоңырау шалып, Алтын адамды екі айға дейін қалдыруды сұрады. Бұл дегеніміз, жергілікті xалықтың тарапынан үлкен қызығушылық болды", - деп атап көрсетті Арыстанбек Мұxамедиұлы.