#
#
Дүйсенбі 23/09/2019

Алтай Көлгінов қала проблемаларын шешу жолдары туралы айтты

  • 23.08.2019
  • 0
  • 201

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалалық инфрақұрылым проблемаларының ерекшеліктерін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Инженерлік желілер материалына қарай 30, 50 жылда тозу ерекшелігіне ие. Ал енді бір материалдар 10 жылдан кейін-ақ жарамсыз болып қалады. Бұл жаңарып отыратын процесс. Сондықтан оны үнемі жаңғыртып отыру қажет», - деді Алтай Көлгінов елорда әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдаудан кейін.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында қала басшысы мұндай проблемабарлық уақытта өзекті  болатындығын айтты.

«Жалпы қалалық проблемалар негізінен жердің астында жатады. Қыста тыныш ұйықтап, жылы жерде өмір сүру үшін жылу желілерін ауыстыру қажет. Сол сияқты су таза болуы үшін жаңғырту жүргізілуі тиіс. Бізде жаңа елді мекендердің пайда болуына байланысты бұл мәселелер барлық уақытта өзекті болады. Бір мәселені шешсең, тағы екеуі пайда болады. Бұл қала өмірі, соған дағдылану керек», - деді ол.

Ол қала төңірегіндегі тұрғын үй алабтарының инфрақұрылымдық проблемасын шешу үшін қанша қаражат қажеттігін айтты.

«Бұл барлық мәселелерді үш жылдық бюджетте қарастырамыз. Бұл біз үшін басымдық. Тұрғындар өздерін толғандыратын мәселелерді айта берсін. Себебі барлық мәселені бір мезетте шеше алмаймыз. Қажеттілікті қарадық, бір қарағанда 245 млрд теңге қажет. Мұны бір жылдың ішінде шеше алмаймыз. Бұл біздің алғашқы есептеуіміз ғана. Осыған дейін барлық елді мекендерді, тұрғын үй алабтарын аралап шығып, адамдарды толғандыратын мәселелерді тыңдадық», - деді елорда басшысы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар