14 мау, 2019 сағат 09:06

Алтай Көлгінов Facebook әлеуметтік желісіне тіркелді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Facebook әлеуметтік желісіне тіркелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті достар! «Twitter» және «Instagram»-нан бөлек, қолданушысы көп «Facebook» әлеуметтік желісінен де жеке парақшамды ашуды ұйғардым. Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер - тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы менімен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қарастырамыз. Бірлесе жұмыс жасауға және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Қаламызды жайлы, мықты, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық!», - деп жазды елорда әкімі.