#
#
Сейсенбі 26/03/2019

"Алтай-Қобда қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері" кітабы жарық көрді

  • 10.12.2018
  • 3
  • 2786

ҚР Ұлттық музейінде «Қазына» сериялық басылымы аясында жарық көрген М. Хұсайынұлы, Қ. Ахмерұлының «Алтай-Қобда қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Мемлекет басшысы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында көнеден мирас ретінде жеткен рухани мәдени мұраларымызды (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, музыкалық мұра, зергерлік өнер, Табиғат пен Ғаламға қатысты ілімдер мен дағдылар т.б.) сақтау, жіті зерттеу, жаңғырту, жандандыру, насихаттау мен болашақ ұрпаққа жеткізуге ерекше назар аударғаны белгілі. 

ҚР Ұлттық музейі директорының м. а. Леонид Кочетов: «Ұлттық музейдің ішінен құрылған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты осы уақытқа дейін «Қазына» сериясымен көптеген ғылыми еңбектерді баспадан шығарып үлгерді. Сіздердің алдарыңыздағы бүгінгі тұсауы кесілейін деп отырған кітапта осы «Қазына» сериясы бойынша баспадан 1000 данамен жарық көрді. Біздің ғылыми-зерттеу институтымыздың зерттеу бағыты қазақ руханиятының әр саласын қамтып, яғни археологиялық, этнографиялық, музыкалық т.б. бағыттарда жүйелі жұмыс атқарып келеді. Жақында жарық көрген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы айтылған нақты тапсырмалардың дені ұлттық құндылықтарды сақтай отырып рухани мұраларымызды жаңғырту болатын. Осы тұрғыдан келгенде бүгінгі тұсауы кесілейін деп отырған еңбектің құндылығы өте жоғары деп айтуымызға болады. Бұл еңбек келешекте Алтай жеріндегі күйшілік өнерді одан ары ғылыми жүйелі зерттеуге үлкен септігін тигізері сөзсіз», - деді.

Қазақ халқының мәдени мұрасына қатысты жаңа деректер мен зерттеулерді, қорытынды еңбектерді өзектілігіне сай әр тараптан жинақтап, толықтырып, сараптап, жариялап, ғылыми айналымға енгізу мен насихаттау мақсатында ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты 2016 жылдан бастап «Қазына» сериялық басылымын шығаруды қолға алды.

Кітап авторы, күйші, сазгер Мұсайып Хұсайынұлы: «Кітап бір күнде жазылған жоқ. Бұл еңбекті қолға алғаныма өте көп уақыт болды. Моңғолия жеріндегі қазақ күйлері туралы зерттеп, олардың ерекшелігі, шығу тарихы мен аңыз-әпсаналары туралы деректерді қағазға түсіру үшін біраз уақыт қажет болды. Кітап үш бөлімнен тұрады. Күйлердің тарихы, шерту ерекшеліктері және сыбызғы күйлері туралы айтылған. Мұнда Қазақстанға белгісіз күйлер жинақталып отыр. Кітап жанындағы дискімен 321 домбыра күйі беріліп, жалпы 50 сыбызғы күйінің ноталары енгізілді», - деді.

Аталған серияның 4-ші шығарылымында Моңғолиядағы қазақтардың шертпенің алтайлық үлгісіндегі 321 домбыра және сыбызғы күйлері алғаш рет жинақы түрде толыққанды еңбек ретінде жарияланып отыр. Кітапты Қобда бетіндегі қазақтардың күй өнерін алпыс жыл бұрын алғаш ғылыми зерттеуді бастаған, ел ішінен сол қалпында, еш өзгеріссіз жинақтаған, нотаға түсірген қайраткер, алдыңғы буын ағаларымыздың жазуы еңбектің құндылығын арттыра түссе керек.

Мұсайып Хұсайынұлы – күйші, сазгер, дирижер, Қазақстан және Моңғолия композиторлар одағының мүшесі. Моңғолиядағы қазақтар тарихында алғаш рет опера, балет, симфониялық шығармалар жазып музыка өнерін кәсіби деңгейде дамыту ісіне елеулі еңбек сіңірген  қайраткер. 100-ден астам авторлық және халық ән-күйлері мен классикалық шығармаларды оркестрге өңдеп түсірді.

Қабыкей Ахмерұлы – күйші, сазгер, Моңғолияның еңбек сіңірген әртісі, 30 күймен 20 әннің авторы. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары Моңғолия қазақтарының ән және күйлерін алғаш жинақтап, құрастырған қайраткер. Қабыкей Ахмерұлы 2012 жылы Атамекенде қайтыс болды. 

3 пікір

  • СаулеСейсенбі, 11.12.2018

    В статье «Семь чудес великой степи» Президент исследует и модернизирует наше духовное наследие

  • МаржанСейсенбі, 11.12.2018

    Великие люди, оставившие для изучения такие легендарные труды

  • РизаСейсенбі, 11.12.2018

    Молодцы! Я даже не знала что у нас есть такие талантливые композиторы

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар