01 нау, 2017 сағат 07:48

Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды

Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды" делінген Ақорданың сайтында. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елшіні жауапкершілікке тарту ұсынылған. Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі болып 2016 жылдың 11 мамырында тағайындалған еді.