06 жел, 2017 сағат 11:08

Алматының бас шыршасы 18 желтоқсанда жағылады

Алматыда бас шырша 18 желтоқсанда, Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".    

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаланы жаңажылдық әрлеуде ұлттық нақыштағы элементтер қолданылады.

«Қаланы жаңажылдық безендіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінен соң 18 желтоқсанда басталады. Жаңажылдық бас шырша 18 желтоқсанда жағылады. Өткен жылдағы безендіру бұйымдары биыл да қолданылатын болады. Алайда қала тұрғындары арасында ұрлау, тонау жиі кездеседі. шыршадағы ойыншықтар, шағын архитектуралық пішіндерді, конструкцияларды бұзу, сындыру жиі кездеседі.Сондықтан көптеген бұйымдар жарамсыз болып қалады», - деді әкімдіктен.

Дәстүр бойынша жаңажылдық безендіруге кәсіпорындар арасында байқау жүргізіледі. Байқауға кәсіпорындар, мектептер, ЖОО, ауруханалар қатысатын болады.

Айта кету керек, ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында 15 желтоқсанда Республика сарайында Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік концерттер өтеді.

16 желтоқсанда Н.Тілендиев атындағы мемориалдық музейде ашық есік күндері ұйымдастырылады.

Осы күні Алматы музейінде «Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесі өтеді.

Басты мейрам 16 желтоқсан күні Астана алаңында мерекелік отшашумен аяқталады.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жастарға баспана кілті табысталады. 

16-17 желтоқсанда «Тәуелсіздік» монументі мен «Тәуелсіздік Таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.