22 қаң, 2020 сағат 18:05

Алматының алты базары жаңарады

2020 жылы Алматының алты базары модернизациядан өтеді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қаладағы бес базарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, бұл жобалар қазірдің өзінде мақұлданған.

Атап айтар болсақ , «Сары-Арқа», «Ақсай-4» ықшам ауданындағы «Арыстан», Төле би көшесіндегі «Тұлпар», «Береке» базары, сондай-ақ Солтүстік айналма жолының бойындағы «Үшқоңыр» мен «Өжет» базарлары модернизациядан өтеді.

Әзірге «Жібек жолы» автокөлік базары иелерінің жобасын билік тарапы мақұлдаған жоқ.

Бұған дейін, Еркебұлан Оразалин Никольский базарының иелері тұрғын үй салатынын айтқан болатын.

Кейін Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Никольский базарының орнына салынатын тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты түсініктеме берді.