#
#
Сенбі 07/12/2019

Алматының 208 көшесіне жарық тартылады

  • 10.10.2019
  • 0
  • 197

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келесі жылы қала көшелері жүз пайыз жарықтандырылатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бірнеше ай бұрын жергілікті билік қаланың жарықтану жағдайын жақсарту үшін ауқымды жұмыстар бастаған.

«Қазан айының соңына дейін 208 көшеге алғаш рет жарық тартылады. Мұнда төрт мыңға жуық жарық нүктелері орнатылады. Сапа мен сервистік қызмет тұрақты бақылауға алынады. Келер жылдың аяғына дейін қаланың жарықтану деңгейін жүз пайызға жеткізуді жоспарлаудамыз»,-деп жазды қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Көшелер мен аулаларды жарықтандырудағы басты міндет - қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қалалықтар өміріне жайлы жағдай жасау, деп атап өтті ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар