03 мау, 2020 сағат 11:25

Алматылықтарға түрлі іс-шаралар өткізу үшін үй жалдауға тыйым салынды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, қала тұрғындарына коттедж жалдап, кештер өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жергілікті атқарушы және Алматы қаласының құқық қорғау органдары жеке үйлер мен ғимараттарды ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жалға берілмеуін қадағаласын», - делінген қаулыда.