17 қаң, 2020 сағат 19:12

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«17 қаңтар күні сағат 22.09-да Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы мен магнитудасы анықталу үстінде», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісінің ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісі Алматы уақытымен 22 сағат 05 минут 49 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 368 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл қуатымен сезілген.

Энергетикалық санаты - 12,7. MPV магнитудасы – 5,7. Тереңдігі – 10 шақырым.