#
#
Сенбі 04/04/2020

Алматылықтар кешке балконға шығып дәрігерлерге қошемет көрсетеді

  • 25.03.2020
  • 0
  • 95

Алматыда эстрада жұлдыздары, блогерлер кешкі сағат 20.00-де балконға шығып дәрігерлер құрметіне қол соғуға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отандық шоу-бизнес өкілдерінің, шенеуніктердің бұл акциясы коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер, медицина мамандары, полиция қызметкерлері, әскерилер, волонтерлер, санэпидемиологтер сияқты мамандарды қолдауға арналған. 

Әлеуметтік желіде #almatybirgemiz хэштегімен таралып жатқан ақпаратта адамдар кешкі сағат 20.00-де балконға шығып 1 минут қол соғуға ұсыныс білдіріп жатыр. 

«Өздері қызмет барысында осындай құрбандыққа барған жандарды қолдайық», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар