31 мам, 2018 сағат 10:02

Алматылықтар ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Бүгін Алматыда 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, аталған шараға қоғам қайраткерлері, репрессия мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және қала жастары қатысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен қала орталығында ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылғанын, онда қолына арып-ашқан, өлімші хәлдегі баласын ұстаған ана бейнесіндегі қазақ халқының ауыр тағдыры бейнелегенін атап өтті.

"Тарихтың шерлі үнін жеткізген бұл ескерткіш - қаламыздың киелі нысандар тізіміне енді. Бұл - Елбасы атап өткендей, "ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым және келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағылым", - деді Бауыржан Байбек.


Ол сол бір қасіретті жылдары қазақ халқының өз еңсесін тік көтеріп қана қоймай, қазақ топырағына жер аударылған өзге ұлт өкілдерін бауырына тартып, қамқорлығына алғанын атап өтті.

"Ал бүгін, біз ең құнды байлығымыз Тәуелсіздігімізді алып, сөнуге айналған шырағымызды қайта жақтық. Бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлыстар ұйысқан Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналды. Кешегі арыстарымыздың асыл арманы орындалып, ел тұтқасын ұстаған Елбасы мен еңселі елордасы бар әлем таныған қуатты ел болдық", - деп атап өтті Алматы әкімі.

Ол сол бір қасіретті жылдары қазақ халқының өз еңсесін тік көтеріп қана қоймай, қазақ топырағына жер аударылған өзге ұлт өкілдерін бауырына тартып, қамқорлығына алғанын атап өтті. "Ал бүгін, біз ең құнды байлығымыз Тәуелсіздігімізді алып, сөнуге айналған шырағымызды қайта жақтық. Бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлыстар ұйысқан Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналды. Кешегі арыстарымыздың асыл арманы орындалып, ел тұтқасын ұстаған Елбасы мен еңселі елордасы бар әлем таныған қуатты ел болдық", - деп атап өтті Алматы әкімі.


Қалада өткен жылы бірқатар көшелерге ұлтымыздың мақтанышына айналған батырлардың, ақындардың, жазушылардың есімдері берілді. Олардың арасында Смағұл Сәдуақасұлы, Телжан Шонанұлы, Жанша Досмұхамедов, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағанбетов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Әмина Өмірзақова, Мақаш Тәтімов, Герольд Бельгерлер бар.