11 қаң, 2017 сағат 12:00

Алматылық оқушылардың көктемгі каникулы Универсиадаға байланысты өзгерді

- Алматыда өтетін 28-інші қысқы Универсиада ойындарына байланысты, қаладағы 218 мың оқушы кезектен тыс демалатын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Алматыда санаулы күндерден кейін Дүниежүзілік қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оңтүстік астана бұл жарысқа жан-жақты дайындалып жатыр. Дайындық білім беру саласын да сырт айналып өтпеді. Атап айтсақ, Универсиада ойындарына байланысты Алматы қаласының оқушылары үшін 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі», - деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Білім министрлгінің баспасөз қызметі халықаралық жарыстар кезінде осындай шаралар өзге елдерде де қолға алынғанын хабарлап отыр. Демалысқа шыққан оқушылар дүниежүзілік студенттер жарысын өздері барып тамашалай алады, деді баспасөз қызметінің мамандары.

«Алматы қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бұл қосымша каникул Наурыз мейрамы күндеріне әсер етпейді.  Алматыдағы оқушылар Қазақстанның басқа оқушыларымен бірдей 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында оқушылар оқуын жалғастырып, 1 сәуірде оларға тоқсандық бағалар қойылады. 4 сәуірде 4-ші тоқсан басталады», - деп нақтылады дереккөз.

Хабарланып отырғандай, бұл өзгеріс Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің сабақтар кестесіне әсер етпейді. Айта кетейік, Алматыда 201 мектеп бар, онда 218 мың оқушы білім алып жатыр.

Айта кетейік, бұл өзгеріс Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің сабақтар кестесіне әсер етпейді.