18 нау, 2020 сағат 16:37

Алматылық дәрігерлер коронавирусқа қатысты жаңа челлендж бастады

Алматылық дәрігерлер «Сіз үшін жұмыста қалдым, сіз мен үшін үйде болыңыз» флешмобын ұйымдастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мұндай флешмобтың ұйымдастырылғаны туралы блогер Полина Шиманская 

Instagram парақшасына жазды.

«Нұр-Сұлтанда қалай екенін білмеймін, Алматыда медициналық қызметшілердің 80%-ы қала сыртында тұрады және жұмыс маңынан пәтер жалдауға жалақылары жетпейді. Оларға шынымен жұмыс орнында өмір сүрулеріне тура келетін сияқты. Түсіністікпен қарайық», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының жастары коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Менің подъезім - менің денсаулығым» челленджін бастағаны туралы жазған болатынбыз.