21 ақп, 2020 сағат 20:29

Алматыдан 366 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 21 ақпан күні Алматы уақытымен 21 сағат 39 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 366 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11,7. MPV магнитудасы – 5,4. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 бағаны бойынша) ақпараттар жоқ.