21 қаң, 2020 сағат 10:30

Алматыдан 305 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 21 қаңтар күні Алматы уақытымен 12 сағат 31 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 305 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,0. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 25 шақырым.

 МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.