14 нау, 2018 сағат 11:10

Алматыдағы "Пинта" барында жаппай төбелескендердің видеосы таралды

Алматыдағы "Пинта" барында келушілер мен даяшылар арасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелестің видеосы Желіде пайда болды.

Бұл оқиғаның 9 наурызға қараған түні болғаны анықталды. Видеодан бір топ жігіттің арасында төбелес шығып, кейінірек бұл төбелеске даяшылардың да араласқаны көрінеді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Төбелестен ешкімнің зардап шекпегені айтылады.