04 жел, 2017 сағат 09:40

Алматыдағы Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстары бюджет есебінен жүргізіледі

Желтоқсанда Алматының бірнеше көшесін абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу басталады. Соның ішінде, Назарбаев даңғылы (бұрынғы Фурманов көшесі) да бар, - деп жазады abctv.kz.

"Алматыгипрогор-1 жобалық институты" ЖШС өкілінің мәліметінше, конкурстық құжатта жаяу жүргінші жолдарын кеңейту, көгалдандыру, үйлердің касбеттерін және бірінші қабаттарын жөндеу көрсетілген.  

Өз кезегінде "Қазақстан риелторларының бірлескен қауымдастығы" ЗТБ директорлар кеңесінің мүшесі Марина Грушина Назарбаев даңғылы үкіметтік болғандықтан, онда көлік тұрағына тиым салынғанын түсіндірді. Сонымен қатар, ол даңғыл бойында үш тұрғын үй кешенін салу жоспарланғанын айтты. 

Еске салайық, 30 қарашада Алматы мәслихаты депутаттарының бірауыздан қабылданған шешімі бойынша, Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы деп өзгертілді.