#
#
Сенбі 07/12/2019

Алматыдағы газ жарылысы: 19 жастағы бойжеткеннің жағдайы аса ауыр

  • 21.11.2019
  • 0
  • 405

Алматыда дәрігерлер Жетісу ауданында болған газ бен ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Зардап шеккен үш адамның бірі - 23 жастағы ер адам ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

«Пациент денесінің 22% күйік шалған. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан.

Ал 19 жастағы бойжеткеннің жағдайы аса ауыр.

«2000 жылы туған қыз әлі де жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денесінің 85%-ы күйген. Қазір өткір күйік токсемиясы кезеңін басынан кешіріп жатыр», - деді басқарма.

Еске салсақ, қайғылы жағдай Первомайка ауылындағы Постышев, 64 «В» мекенжайында барак типтес 3 қабатты үйде болған еді.

Салдарынан 3 адам жарақат алып ауруханаға түскен болатын. Денесінің 100 %-ын күйік шалған 36 жастағы ер адам 2 күннен соң көз жұмды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар