29 қаз, 2016 сағат 15:20

Алматыдағы бокс кеші қазақ боксшысының жеңісімен басталды

Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде алғаш боп шаршы алаңға көтерілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жұман Жұмабеков айқын басымдықпен жеңді.

Беларусь боксшысы Владимир Ивановпен болған жекпе-жек алғашқы раундтан әрі аспады. Жерлесіміз кездесу басталысымен бет қаратпастан соққы жұмсап, қарсыласын бас көтертпеді. Жұманның жойқын соққыларыннан есеңгіреген беларусь боксшысы жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Жұман Жұмабеков - Азияның екі дүркін жеңімпазы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Бүгінгі кездесу оның кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамы.

"Ұлт-ақпарат"