06 там, 2018 сағат 11:00

Алматыда жүк көлігі 7 көлікті соғып тоқтады

Алматыда жүк көлігі 7 көлікті соғып тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүк көлігі Назарбаев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында тоқтаған.

Жол оқиғасының видеосы Youtube желісінде жарияланды. 


Куәгерлердің айтуынша, фура жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен.

Қиылысқа жете бергенде ол тұрақта тұрған жеңіл көлікті артқы тұсынан соғып тоқтайды. Ал, жеңіл көлік өз кезегінде басқа да көліктерге барып соқтығысқан.

Абырой болғанда көліктердің ішінде ешкім болмаған.